Достық көшесі 23 мамырға дейін жартылай жабылады. Көлік жүргізушілері кептелісте қалмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды Елорда Инфо-ға сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Достық көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты 21-23 мамыр аралығында қозғалысты жартылай жабу жоспарлануда», – деп хабарлады қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептелістің алдын алу үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
Биыл Нұр-Сұлтанда 150 көше жөнделеді, оның 100-і тұрғын үй аудандарына қарасты (шамамен 40 шақырым жол).
Барлық жұмыс «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша іске асады. Аталған бағдарлама бойынша Жұмыспен қамту орталығы арқылы 1 536 жұмыс орны ашылады.