$ 447.4  477.55  4.76

Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай

Онлайн форматында өткен «Адалдық сағаты» жиынын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу-тәрбие жөніндегі проректоры, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп жөніндегі уәкілі Әбдікәрімов Бахытхан Жүнайдұлы жүргізді.

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» жиыны өтті. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің мәжіліс залында өткен жиын қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналды.

Онлайн форматында өткен «Адалдық сағаты» жиынын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу-тәрбие жөніндегі проректоры, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп жөніндегі уәкілі Әбдікәрімов Бахытхан Жүнайдұлы жүргізді. Бұл жиынға карантин тәртіптерін сақтай отырып, университеттің құрылым басшылары қатысты. Сонымен қатар, «Адалдық сағаты» жиынын университеттің күндізгі бөлімінде білім алатын 1 курс студенттері үшін «YouTube» әлеуметтік желісі арқылы онлайн режиімінде көру мүмкіндігі жасалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары