22.05.2020, 10:40

Шығыс ғұламасының шығармаларын оқудан челлендж өтуде

Мәселен, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы Омар Шораяқұлы атындағы №30 орта мектептің оқушылары ғұлама ойшылдың шығармаларынан үзінді оқып, арнауларын фейсбук әлеуметтік желісі арқылы жолдады.

Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ғұламаның туындыларын насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Ел арасында әлемнің екінші ұстазына арнау жазып жүргендер де бар. Солардың ішінде жас жеткіншектердің Әл-Фараби өлеңдерін, трактаттарын жатқа оқып, арнау оқып жүр.

Мәселен, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы Омар Шораяқұлы атындағы №30 орта мектептің оқушылары ғұлама ойшылдың шығармаларынан үзінді оқып, арнауларын фейсбук әлеуметтік желісі арқылы жолдады.

«Биыл Әл-Фараби бабамыздың туғанына 1150 жыл толып отыр. Осыған орай біз де әлемнің екінші ұстазы саналатын тұлға туралы өтіп жатқан челлендждерді қолдай отырып, Әл-Фараби шығармаларын оқуды жөн көрдік. Ұлы ойшылдың бүгінге жеткен мұралары өте көп. Ол туралы аңыз-әңгімелер де көптеп жазылған», - дейді жас өрендер. Челленджді жалғаған оқушылар Әл-Фарабидің «Қашықтасың туған жер, қалың елім» атты өлеңін оқыды. Аты бүкіл әлемге мәшһүр ұлы ғұлама, данышпан, энциклопедист Әбу Насыр Әл-Фараби мұрасын насихаттауға арналған челлендж республика көлемінде жалғасуда.

Тегтер: әлФараби