Жаңалықтар 22.05.2020 сағат 13:00

Жұмысынан айырылғандар мемлекеттен әлеуметтік төлем алады

Егер қандай да бір себеппен жұмыс табылмаса, азаматқа қашықтан жұмыссыз деген статус беріледі.
Жұмысынан айырылғандар мемлекеттен әлеуметтік төлем алады
фото: nurqanatbaizaq.islam.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жұмысынан айырылған қазақстандықтар мемлекеттен әлеуметтік төлем ала алады. Бұл туралы Sputniknews.kz, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышевтың Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, цифрлық даму министрлігі еңбек министрлігімен бірлесіп жұмыспен қамту бағдарламасын цифрлау мәселесін шешеді. Атап айтқанда, "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы және жалпы жұмыспен қамту саласы цифрландырылады.

"Барлығы egov.kz порталында "жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "жұмыс іздеуші тұлғаларды тіркеу" қызметінен басталады. Азамат тіркеле отырып, өзінің жұмыссыз екенін айтып, мемлекеттен жаңа жұмыс орнын табуға көмектесуін сұрайды. Әрі қарай enbek.kz арқылы жұмыс іздеу басталады. Егер қандай да бір себеппен жұмыс табылмаса, азаматқа қашықтан жұмыссыз деген статус беріледі. Сол арқылы азамат жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем ала алады",- деп хабарлады вице-министр.

Лайықты жұмыс табу үшін азаматтарға орталықта мемлекет есебінен қажетті мамандықтар бойынша қайта оқуға мүмкіндік беріледі.

Электронды еңбек биржасында цифрлық форматта қазақстандықтарға келесі қызметтер қолжетімді болады:

Қоғамдық жұмыстар (әлеуметтік бағыттағы жұмыссыздар үшін уақытша жұмыспен қамту)
Жастар практикасы (мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу)
Әлеуметтік жұмыс орындары (жұмыс беруші жұмыссыздар үшін олардың жалақысын субсидиялай отырып құрған жұмыс орындары)
"Бизнес Бастау "жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту
Шағын кредит беру
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру (еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру)
Еңбек ресурстарының мобильдігі (азаматтарды жұмысқа орналастыру немесе мемлекет субсидиялайтын істі ашу үшін жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде көшіру).
Министрлік электронды еңбек биржасы қызметін жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар