Бүгін Қазақстанның барлық аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын жауып, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с-ға дейін күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіліп, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с-ға дейін күшейеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-24 м/с-ға дейін күшейеді.
Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, бұрқасын соғады, жылдамдығы - 15-22 м/с.
Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіліп, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіліп, желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ға жетеді.
Түнде Алматы облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с-ға дейін күшейеді.