$ 442.05  474.14  4.74

Н.Назарбаев павлодарлық дәрігерлерді күлкіге қарқ қылды (ВИДЕО)

Бүгін жұмыс сапарымен Павлодарға барған Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті дәрігерлердің көңілін бір серпілтіп тастады. Мемлекет басшысы алдымен Керекудегі нефрология және эфференттік терапия орталығына ат басын тіреген. Ондағы мамандардың біліктілігіне қатысты Елбасы астарлы қалжың айтты деп жазады KTK.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Теперь все зависит от вас. Говорят же  врачи делятся на три категории: первая категория врачей это «от Бога», второе говорят «ну, с Богом!» и третяя «не дай Бог». Я думаю Вы от Бога!

Жалпы құны 330 млн теңгеден асатын бұл орталық бүйрек ауруларына шалдыққан науқастарға қажет 25 жаңа аппаратпен жабдықталған. Әрі медициналық көмек тегін көрсетіледі. Былтыр қарашада ашылған мекемеде бүгінге дейін оншақты науқастың бүйрегі ауыстырылған екен.   Бұдан соң президент күйдірілген кокс шығаратын кәсіпорынға барды. Олардың өнімі Қытайдан әкелінген импортты 100 пайыз алмастырады деп күтілуде. Жалпы құны 23 млрд теңгені құрайтын жоба үш жүзден аса адамды жұмыспен қамти алады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары