EXPO-2017 көрмесіне қарай Астанада баспана құны артуы мүмкін. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz.
― Әрине, баспана құнында өсім болады. Алайда бұл тұрғыда тұрғын үйдің санаты мен оның орналасуы орны бөлек мәселе, ― деді Ұлттық банк төрағасы.
Қ.Келімбетов баспана құнының қандай деңгейде өсетінін айтпады. Оның сөзінше, бұл мәселеге нарықтың қағидалары ықпал етеді, яғни барлығы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына байланысты болады.
― Бізге бірлесе отырып, бағаның қолдан өсуіне жол бермес үшін тиісті қадағалау жүргізу керек», ― деп атап өтті.