$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте ақыры жол ақысы қымбаттайтын болды

Шымкентте жолақы қымбаттайды. 1 мамырдан бастап қазіргі 50 теңгелік жолақы 70 теңге болмақ. Бұл туралы шешім бүгін қалалық мәслихаттың кезекті 58-сессиясында қабылданды деп хабарлайды Otyrar.kz.

Халық қалаулылары бұған дейін 50 теңге болып келген жолкіренің 20 теңгеге қымбаттайтынын бірауыздан қабылдаған. Дегенмен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлері, алтын және күміс алқа иегерлері қоғамдық көліктерде тегін жүреді.

Тағы бір өзгеріс, Шымкенттің құрметті азаматтары да автобустарда тегін жүре алады. Ал, студенттер үшін жолақысы өзгеріссіз, яғни, 50 теңге күйінде қалады. Оқушылар үшін жол жүру билетінің бағасы 50% жеңілдікпен 35 теңге деп бекітіліп отыр.

Осылайша бесінші шақырылымдағы Шымкент қалалық мәслихатының кезекті 58-сессиясына қатысқан 23 депутат бағаның көтерілуін қолдап, дауыс берді.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде жүру ақысы соңғы рет 2012 жылы 35 теңгеден 50 теңгеге қымбаттаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары