$ 498.34  519.72  4.85

Немцовтың өліміне күдіктілер телефон қоңырауынан ұсталған

Борис Немцов 2015 жылы 28-ақпанға қараған түні өлтірілді. Оның өлімінен екі күн өткен соң осы қылмысқа қатысты деп күдіктелген Анзор Губашев Ингушетияға телефон шалған.

Бұл туралы «Коммерсант» басылымына тергеу орындарындағы дереккөз хабарлаған. Оның дерегінше, тергеу орындары саясаткердің өлімінің ертесіне қылмыс болған төңіректегі барлық телефон қоңырауларын тіркеген. Ол уақытта түн ортасы әрі көшеде суық болғандықтан адам аяғы сирек жүрген, сәйкесінше телефон нөмірлерінің тізімі де көп болмаған. Тергеушілер бірнеше нөмірдің Немцовтың өлімінің алдында белсенді қолданылғанын, саясаткердің өлімінен кейін бірден жоғалғанын анықтаған. Сим-карталар жалған адамдардың атына тіркелгендіктен, телефон иелерін анықтау мүмкін болмады. Алайда екі күн өткен соң телефондардың бірінен Ингушетияға қоңырау шалынған. Тергеушілер телефонның Анзор Губашевке тиесілі екенін біледі. Ондағы қоңыраулар тізімін, байланыстарын зерттеп, оларды бақылау камераларындағы жазбамен салыстыра отырып, полиция қызметкерлері саясаткердің өліміне қатысы бар делінген 4 күдіктіні анықтаған.

Борис Немцов 2015 жылы 28-ақпанға қараған түні өлтірілді. Оның өліміне байланысты бес адам тұтқындалды. Тергеу орындары қылмысқа тапсырыс беруші және ұйымдастырушы ретінде Шешенстан ІІМ "Север" батальонының бұрынғы жауынгері Руслан Мухудиновты айыптап отыр. Немцовтың туыстары мен жақтастары оның өліміне Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты айыптайды.

Дереккөз: Орталық Азия жаңалықтар қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары