25.05.2020, 16:20

Сағынтаев блокбекеттегі жол апатынан қаза болған полицейлердің отбасына көңіл айтты

фото: qaz.neonomad.kz, inform.kz
1992 жылы туған А. есімді азамат Қожабеков көшесімен жүріп, Жаңа ғасыр көшесі қиылысындағы №4 блокпосты бұзып өтіп, бетон қоршауға соғылып, артынша патруль көлігіне соқтығысқан.

Алматы қаласының әкімі блокбекеттердің бірінде болған жол апатының салдарынан қаза болған полиция қызметкерлеріні отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Блок-бекетте қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқановтың жол апаты оқиғасынан қаза болуына байланысты отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында. 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін сағат 05:26-да Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай шағын ауданында «BMW» маркалы автокөлігінің жүргізушісі, 1992 жылы туған А. есімді азамат Қожабеков көшесімен жүріп, Жаңа ғасыр көшесі қиылысындағы №4 блокпосты бұзып өтіп, бетон қоршауға соғылып, артынша патруль көлігіне соқтығысқан.

Тағы оқи отырыңыз: Блокбекетте 2 полицейді қағып өлтірген жүргізушіге қандай жаза тағайындалады?

Соның салдарынан, Алматыда мас жүргізуші блокпосты соғып өтіп, салдарынан полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев және полиция сержанты Дастан Әбдіқанов көз жұмды.