$ 444.22  476.38  4.82

BKFC Тайсонға жекпе-жек үшін 20 миллион доллар төлеуге дайын

Бокс аңызының қарсыласы аралас жекпе-жектің ардагері Вандерлей Силва болуы ықтимал.

Америкалық Bare Knuckle Fighting Championship бокс промоушені жекпе-жекке шақырған кез келген адаммен рингте жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеген Майк Тайсонға ұсыныс жасамақ, деп хабарлайды "Чемпионат" порталы MMA Fighting басылымына сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, Тайсонға жекпе-жек үшін 20 миллион доллар төлеуге дайын екен. Бокс аңызының қарсыласы аралас жекпе-жектің ардагері Вандерлей Силва болуы ықтимал.

Еске салайық, 53 жастағы суперауыр салмақта бокстан бұрынғы абсолют чемпион Майк Тайсон рингке оралатынын туралы айтқан болатын. Ол қайырымдылық үшін бірнеше жекпе-жек өткізбек.

Кәсіпқой рингте Тайсон 56 жекпе-жек өткізген: 50 жеңіс (44 нокаут) және алты рет жеңілген. Америкалық бокс аңызы мына тұжырымдар бойынша чемпион болған WBC (1986-1990, 1996), WBA (1987-1990, 1996), IBF (1987-1990), The Ring (1988-1990). Флойд Мейвейзерге дейін табысы ең жоғары боксшы атанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Майк Тайсон