Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қаза тапқан полицейлерді қайтыс болғаннан кейін берілетін медальмен марапаттау туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
"ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, құқық тәртібін қамтамасыз етуге белсене қатысқаны үшін наградталсын:
ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен
Жанғазиев Жарас Сұлтанғалиұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы;
ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен
Абдықанов Дастан Маратжанұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің полицейі.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.
Еске салайық, кеше, 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке соғылған еді. Салонда екі полицей болған. Көлікті мас күйінде отырған BMW жүргізушісі қамауға алынды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.