27.05.2020, 12:00

Сот Bek Air әуекомпаниясының мүлкін пайдалануға тыйым салды

Фото: Tengrinews.kz
Сатып алынған әуебилеттер сомасын қайтару үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне арыз жазып, сотқа жүгінген.

Сот Bek Air әуе компаниясының мүлкін пайдалануға тыйым салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап .

«Сот ҚР Азаматтық авиация комитетінің топтық шағымын қанағаттандыру үшін Bek Air әуе компаниясының мүлкін пайдалануға тыйым салды», - делінген хабарламада.

Сатып алынған әуебилеттер сомасын қайтару үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне арыз жазып, сотқа жүгінген. Ведомство мәліметінше, әуекомпаниясы сот талқылауы кезінде мүлікті сата алады. Сондықтан 20 сәуірде сот Bek Air мүлкіне тыйым салды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Bek Air» АҚ әуе компаниясының жолаушыларына күші жойылған рейстердің ақшалай қаражатты қайтару жөніндегі талап арызы бойынша бейнебайланыс режиміндегі бірінші сот отырысы өткен болатын.

Тегтер: сот Bek Air