$ 443.85  474.3  4.8

Блокбекетте жан тапсырған 2 полицейдің отбасына пәтер беріледі

Қала әкімдігі бұл бағытта жұмыс жасап жатыр.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев блокбекетте қайтыс болған полицейлердің отбасына екі пәтер беріледі деп онлайн брифинг барысында айтты, деп жазады Qamshy.kz.

"Өте өкінішті жағдай. Екі бірдей азаматымыздың отбасы мен туыстарына  көңіл айтамын. Біз бұл жағдайдан шетте қалмадық. Қала әкімдігі бұл бағытта жұмыс жасап жатыр. Қазір кәсіпкерлер тарапынан екі отбасыға 2 пәтер алып беру туралы ойластырып жатырмыз. Сондай-ақ, туыстар тарапынан айтылған барлық қаржылық мәселелерге барынша көмек көрсететін боламыз", – деді Б. Сағынтаев.

Айта кетейік, бүгін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен басшылық қызметте жүрген тоғыз полицейге қатысты тәртіптік жазалау шарасы қабылданды. Еске сала кетсек, 25 мамыр күні таңға жуық № 4 блокпоста BMW жүргізушісі мас күйінде бетон қоршауға соғылып барып, инерциямен патрульдік полиция көлігін соққан. Жол-көлік оқиғасынан екі полиция қызметкері көз жұмды. Тағы бір полицейдің жағдайы ауыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары