$ 443.37  474.49  4.83

Стамбұлда тағы да жарылыс болып, 5 адам қаза тапты

Бүгін Стамбұлда тағы да лаңкестік оқиға болды. Беліне жарылғыш зат ораған жанкешті қаланың адамдар көп жүретін бөлігіне барып, өзін жарып жіберген. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Жарылыс туристер жиі келетін Истикляль көшесінде орын алған. Қазіргі таңда оқиға орны қоршалып, құқық қорғаушылар жұмыс жүргізуде. Агенттіктің хабарлауынша, жанкештінің өзімен қоса есептегенде барлығы 5 адам қаза тапқан. Жараланғандар саны 20-дан асады. Жедел жәрдем көліктері оқиға орнында көмек көрсетуде. 

Айта кету керек, соңғы уақытта Түркияда лаңкестік оқиғалар жиілеп кетті. Тура бір апта бұрын Анкарадағы автобус аялдамасында жарылғыш зат тиеген көлік жарылып, салдарынан 37 адам қаза тапқан болатын. Тағы 70-тен астам адам жараланды. Аталған оқиғаны «Күрдістан еркіндігінің сұңқарлары» деп аталатын лаңкестік ұйым өз мойнына алды.

Сонымен қатар, 3 наурыз күні екі әйел Стамбұл іргесіндегі полицей учаскесіне шабуыл жасады. Ал, 17 ақпанда Анкара орталығында үлкен жарылыс болды. Ол кезде 28 адам көз жұмып (26-сы әскери қызметкерлер), 61-і жараланған болатын. 12 қаңтарда Стамбұлдағы Сұлтанахмет алаңында орын алған жарылыстан 10 адам қаза тапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары