$ 498.34  519.72  4.85

Сайлауға құжатсыз келгендерге де бюллетень берілуде

Астанадағы №36 сайлау учаскесінде дауыс беру кезінде сайлау ережесін бұзу фактісі орын алды деп хабарлайды «NewTimes.kz». Аталған заңсыздықты ресейлік бақылаушы, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы атанған боксшы Николай Валуев байқап қалған.

Валуевтің айтуынша, жалпы сайлауды ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде. Алайда, бір кішкентай қателіктердің өзі бұл еңбекті жоққа шығаруы мүмкін дейді ол. Атап айтқанда, сайлау учаскесіне келген тұрғындардың бірінде жеке басын куәландыратын құжаты болмаған. Соған қарамастан оған бюллетень беріліп, дауыс беруге жіберілген.

«Былтырғы өткен президент сайлауында біз 850 шақырымды жүріп өттік. Барлығы 7 сайлау учаскесінде болдық. Мені осымен Қазақстанға бақылаушы болуға екінші рет шақырып отыр. Бәлкім, бақылаушылық көрсеткішінің өсуіне байланысты болар», — деді танымал боксшы.

Ал, ЖСДП атынан бақылаушы болып келген Нұрлан Құрманбаев болса заңсыздықтың тек бұл ғана еместігін айтып отыр.

«Азаматтарды журналға тіркеп жатырмыз. Кейбірі осы сайлау учаскесіне тіркелмеген, бірақ осы участоктің үміткерлеріне дауыс беріп жатыр», — дейді Құрманбаев.

Естеріңізге салайық, бүгін елімізде Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау науқаны жүріп жатыр. Дауыс берушілердің көрсеткіші туралы мәліметті Орталық сайлау комиссиясы кешкі сағат 22:30-да жариялауды жоспарлауда.

ОСК мәліметіне сәйкес, сайлау 9 840 участокте өтіп жатыр. Оған құрамына 93 мыңнан астам адам кіретін 1399 комиссия қатысуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары