$ 442.05  474.14  4.74

Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде көктайғақ болады

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, кей жерлерде жауын жауып, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте жаяу бұрқасын болады. Тек, оңтүстік-батыста және шығыста жауын-шашынсыз ауа-райы болады, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінен. 

Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с-ге күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Қарағанды облысының күндіз кей жерлерінде көктайғақ болып, желдің 15-20 м/с-ге күшеюі күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің 15-23 м/с-ге күшеюі күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с-ге күшеюі күтіледі.

Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары