31.05.2020, 16:20

«Бұл оңай емес еді»: министр блокбекеттерде жұмыс істегендерге алғыс айтты

фото: instagram.com
ІІМ-нің қылмыстық-атқару жүйесі де шет қалмады, оның мекемелерінде қысқа мерзімде қорғау құралдарын: тәуекел аймағында орналасқан қызметкерлерге арналған маскалар мен комбинезондар өндірісі жолға қойылды.

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев блокпост жұмысына тартылған қызметкерлерге алғыс айтты, деп хабарлайды Polisia.kz. 

 "Бүкіл әлем қоғамға жаңа қауіп- қатермен, коронавирус пандемиясымен күресуде. Қазақстанда қалыс қалған жоқ. Дер кезінде қабылданған шаралардың, дәрігерлердің, полицейлердің, әскерилердің және еріктілердің жанқиярлық ерлігінің, сондай-ақ халықтың жауапкершілігі мен тәртіптілігінің арқасында біздің еліміз осы кезеңен аз шығынмен өтуде", – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызмет және бөлімше басшыларымен өткізген селекторлық кеңесінде. 

Министр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, ішкі істер органдарының барлық күштері қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін сақтауға, карантиндік іс-шараларды қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты. 

52 000–нан астам қызметкерлер – полицейлер, құтқарушылар, әскери қызметшілер және ішкі істер органдарының медицина қызметкерлері блокпостарда үздіксіз қызмет атқарды, тіршілікті қамтамасыз етудің маңызды объектілерін, медициналық мекемелер мен карантиндік аймақтарды күзетті. 

Қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейту үшін полиция мен Ұлттық ұлан жасақтарының саны мен тығыздығы артты. Көшелер, саябақтар, скверлер, тұрғын үй алаптары, сауда нысандары барынша қамтылды. Өзін-өзі оқшаулау және шектеу тәртібі кезеңінде қабылданған шаралардың арқасында елдегі қылмыс 26%-ға төмендеді. Мұндай ерекше режимде полиция және ІІМ-нің басқа да күштері алғаш рет жұмыс істеді. 

"Бұл оңай емес еді. Тәулік бойы жұмыс режимі, бірқатар жағдайларда дала жағдайларымен казармалық жағдайы, үй мен отбасынан алшақтығы, кейде жекелеген азаматтардың түсінбеуі мен қарсыласуы үлкен психологиялық және физикалық жүктемелер тудырды. Бірақ біздің қызметкерлеріміз барлық 78 күн бойы ел басшылығы қойған міндеттерді нақты орындай отырып, қызмет өткеруді жалғастырды, – деп атап өтті ІІМ басшысы. 

Ішкі істер және денсаулық сақтау органдарының барлық қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеді және адамдарға қиын уақытта көмек көрсетті, олардың денсаулығын қорғауда алдыңғы шепте тұрды. Тек ортақтаса қарсы тұрудың ғана арқасында коронавирус індетінің жаппай жұқтырылуына және көбеюіне жол берілмеді. Қызметтік міндеттерін адал орындағаны, блокпоста коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі іс-шараларға тікелей қатысқаны үшін Министрдің бұйрығымен ерекше көзге түскен қызметкерлер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. 

Тағы оқи отырыңыз: «1 маусымға қараған түні блокбекеттерді аламыз» - Бақытжан Сағынтаев

ІІМ-нің қылмыстық-атқару жүйесі де шет қалмады, оның мекемелерінде қысқа мерзімде қорғау құралдарын: тәуекел аймағында орналасқан қызметкерлерге арналған маскалар мен комбинезондар өндірісі жолға қойылды. Осылайша сотталғандар да пандемиямен күреске өз үлесін қосты, оларға жеке алғыс айтылды. 

"Елді мекендер арасындағы блокпосттар алынып тасталады. Бірақ бұл қауіп жоқ дегенді білдірмейді. Азаматтарға санитарлық талаптармен сақтық шараларын қатаң сақтау керек, – деп түйіндеді Ерлан Тұрғымбаев. 

Еске сала кетейік, карантиндік режим кезінде елде 400-ге жуық блокпост жұмыс істеді, оған 6 000-ға жуық ІІО қызметкерлері қатысты. Барлық кезеңде блокпостарда 3,2 млн.-нан астам көлік құралдарымен 5 млн. жолаушы тексерілді.