Бүгін 00:00-де еліміздегі қалааралық бақылау бекеттері түгел алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Карантин енгізілгелі елде мұндай 400-ге жуық өткізу пункті болды. Оларда күні бүгінге дейін 3 миллионнан астам көлік пен 5 миллион жолаушы тексерілген.
Айта кетсек, елорданың өзінде 7 тосқауыл бекеті жұмыс істеді. Енді таңғы сағат 06:00-ден түнгі 22:00-ге дейін Қосшы, Қоянды, Талапкер, Қараөткел сынды қала маңындағы бірнеше ауылға қоғамдық көліктер қатынай бастайды. Оларға қатысты ереженің сақталуын көліктік бақылау департаментінің мамандары үнемі тексеріп отырады.