Әлеумет 31.05.2020 сағат 20:10

Маусымның 1-інен бастап Нұр-Сұлтанда қаламаңы автобустары жүреді

Жолаушы бетперде тағудан бас тартқан жағдайда автобустан түсу сұралады. Жүргізушілерге автобустағы жүктеме 50 пайыздан аспауы керек деген талап сақталады.
Маусымның 1-інен бастап Нұр-Сұлтанда қаламаңы автобустары жүреді
фото: 2gis.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

1 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қаласынан барлық қаламаңы бағыттарына жолаушылар автобустары қатынай бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қоғамдық көлік сағат 06:00-22:00 аралығында жүреді. Автобустар әдеттегідей дезинфекцияланады. Жүргізушілер қауіпсіздік шараларын сақтайды: бетперде тағады, қолғап киеді және антисептик пайдаланады.

Санитарлық нормаларды сақтау, яғни бетперде тағу жолаушылардан да сұралады. ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 10 мамырдағы қаулысына сәйкес, жолаушыларға қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге болмайды», - делінген CTS компаниясы таратқан ақпаратта.

Компания мәліметінше, ҚР Бас санитарлық дәрігері қаулыcының орындалуын көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері бақылайды. Олар қоғамдық көліктегі санитарлық нормалар туралы түсіндіру жүмыстарын жолаушылармен күнделікті жүргізеді.

Жолаушы бетперде тағудан бас тартқан жағдайда автобустан түсу сұралады. Жүргізушілерге автобустағы жүктеме 50 пайыздан аспауы керек деген талап сақталады. Жол ақысын қолма-қол ақшасыз жүргізу қажет. Ол үшін көліктік карта, балама төлем түрлері қарастырылған – SMS, QR-код және мобильді қосымшалар.

Естеріңізге сала кетейік, 28 наурыздан бастап қосымша тарифтер енгізілді. 18 жасқа дейінгі балалар көліктік картамен елорданың қоғамдық көлігінде тегін жүреді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар