$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін еліміздің солтүстік аймақтарында дауыл тұрып, бұршақ жауады

Ал біраз өңірде аптап ыстық күтіледі.
фото: azattyq.org
фото: azattyq.org

1 маусымда Қазақстанның солтүстік өңірлерінде атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты, ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда дауыл тұруы, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

Республиканың қалған аумағында ыстық ауа райы сақталады. Кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұруы мүмкін. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз желдің екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай ойнайды, жел 15-23 м/с күшейеді. Түнде Атырау, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел тұрады, жылдамдығы – 15-20 м/с.

Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетіп, шаңды дауылға ұласады. Алматы, Қызылорда облыстарында, Атырау облысының кей жерлерінде, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Түркістан облысының батысында аптап ыстық күтіледі.

Павлодар облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары