$ 498.34  519.72  4.85

Сағынтаев Наурызбай ауданындағы инженерлік желілер құрылысымен танысты

Ақжар ықшамауданында да осыған ұқсас жұмыстар жүруде, мұнда 29,2 шақырым су және 15,7 шақырым кәріз желілері тартылады. Жұмыс аяқталған соң 18 мыңнан астам адам су және кәріз құбырларына қосылатын болады.


Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданының тұрғындарын үздіксіз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында салынып жатқан инженерлік желілер құрылысымен танысты, – деп хабарлайды Skifnews.kz.
 
Ауыз сумен қамтамасыз ету Наурызбай ауданындағы ең өткір мәселелердің бірі, өткен жылы және биылғы жылдың басында қала әкімімен болған кездесулерде аудан тұрғындары бұл мәселені бірнеше рет көтерген болатын. Ауданда қалалық сумен қамтудың үлесі небәрі 30 пайыз, қалғандары – қажетті сапалы сумен қамтамасыз ете алмайтын жеке скважиналар, «Қарғалы» және «Ақсай» өзендеріндегі ашық су тоғандары. Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша өткен жылы өткір әлеуметтік міндеттерді шешу үшін бюджеттік шығындар қайта қаралып, құрылыс жұмыстары басталған еді.

Алғашқы кезеңде Наурызбай ауданының Құрамыс, Таужолы, Ақжар, Жайлау, Тастыбұлақ, Шұғыла сынды алты ықшамаудандарында, сонымен қатар Қарағайлы өзені бойындағы тазарту станциясында су құбырлары мен кәріз желілері салына бастады. Осының арқасында ауданның 48 мыңнан астам тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Құрылыс жұмыстарын аяқтау келер жылға жоспарланған. Жалпы ауданда барлығы 121,5 шақырым су құбырлары, 85 шақырым су айырғыш желілер тартылады, нәтижесінде барлық ықшамаудандар орталық су жүйесімен қамтамасыз етіледі.


 
Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Жайлау және Ақжар ықшамаудандарындағы инженерлік желілер салынып жатқан құрылыс жұмыстармен танысты және «Қарғалы» су тазарту станциясының құрылыс алаңында болды.

Бақытжан Сағынтаев сапалы судың қалалықтардың өздерін жақсы сезінулеріне және олардың денсаулықтарына оң әсер ететінін атап өтті. Сондықтан Наурызбай ауданы тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде пәрменді шаралар қабылданған еді.
«Шетсіз қала» қағидасына сай Алматы қаласының барлық тұрғындарына бірдей жоғары деңгейдегі жағдайларды жасайтын боламыз», - деп атап өтті Б.

Сағынтаев және жұмыс сапасын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Қала әкімі су желілері тартылған көшелер тұрғындарының өтініші бойынша жұмыстың жалпы көлемін аяқтауды күтпей жолдарға бірден асфальт төсеуді тапсырды.
Өткен жылдың қыркүйек айында Жайлау ықшамауданында инженерлік желілер құрылысы басталған болатын. Оның ұзындығы 7,8 шақырымды құрайды. Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай нысан құрылысының кестеге сай жүріп жатқанын, бүгінгі күнге дейін жұмыстың 50 пайыздан астамының орындалғанын, 4,2 шақырым құрылыстың салынғанын баяндады. Құрылыс жұмыстарын қараша айында аяқтау жоспарланған. Нәтижесінде ықшамауданның 2 мыңнан астам тұрғыны таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
 
Ақжар ықшамауданында да осыған ұқсас жұмыстар жүруде, мұнда 29,2 шақырым су және 15,7 шақырым кәріз желілері тартылады. Жұмыс аяқталған соң 18 мыңнан астам адам су және кәріз құбырларына қосылатын болады.

Үстіміздегі жылдың мамыр айында «Қарғалы» су тазарту станциясының құрылысы басталған еді. Жобада су тоғаны нысанының құрылысы қарастырылған, нәтижесінде қуаттылық 10 есе артады, 1440 текше метр су тәулігіне 15 мыңға дейін жетеді. Жоба жүзеге асқанда 4 ықшамауданды, 77 көшені және 3015 тұрғын үйді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.

Жұмыс сапары барысында қала әкімі Қарғалы өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарының барысымен танысты. Тәжиев, Игілік көшелері мен Пищевик демалыс үйінің айналасындағы жар қабаттарды габионды конструкциялармен мықтылау жұмыстарын аяқтау қыркүйек айына жоспарланған.

Сонымен қатар, Қарғалы өзенінің арнасын мықтылау және Ақжар ықшамауданындағы Тастыбұлақ өзені арқылы өтетін көпір өткелін жөндеу жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары