$ 448.56  478.03  4.79

Абай-175: Академиялық тазалық» туралы тәрбиелік сағаттар өтті

Біздің ойымызша бұл айтқандарымыз-білімділікке жатпайды.
фото: https://kznews.kz/
фото: https://kznews.kz/

Ұлы бабаларымыз әл-Фараби, Абайдың биылғы мерейтойларына орай университет көлемінде әр түрдегі жиындар профессор-оқытушылардың, студенттердің белсенді қатынасуымен өтіп жатқаны барлығыңызға аян.  Бүгін Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» атты ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы аясында Алматы энергетика және байланыс университеті Әлеуметтік пәндер кафедрасының оқытушылары студенттік топтарда «академиялық тазалық» туралы тәрбиелік сағаттар өткізді, – деп хабарлайды Skifnews.kz.

Ізгі бастаманың бір жалғасы ретінде кафедрамыздың профессоры Бақдәулет Тұрбекұлының пікірімен беріп отырмыз. 
«Абай XIX қара сөзінде: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» - десе, арнайы оқу-білімі жоқ, тіпті бірен-саран молдалардан тілін сындырғаны болмаса, жүйелі түрде оқымаған балалардың бәрі қанша жерден білгені мен көргені көп болғанмен Абай дәуірінде, оның өзі айтып отырғандай, білімділікке естияр бала ғана көтерілген. Қазақтың айтатын «Сегіз қырлы, бір сырлы» сөзі сол естияр балаға қаратып айтылса керек. Дегенмен біз, сегіз қырға жүректі, қайратты, ақылды, сабырлы, мейірімді, өнерлі, шебер, балгер сияқты қасиеттерді жатқызсақ, айтқанынан қайтпайтын ерекшелігіне қарап сырға беріктігін жатқызамыз. Біздің ойымызша бұл айтқандарымыз-білімділікке жатпайды. Бұны көрегендікке жатқызамыз. Ендеше Абай, білімді сөзін қара сөздің қадірін, оның қолданыстағы орны мен рөлін рухани жағынан дұрыс түсініп, ретіне қарай пайдалана білген естияр адамдарға қаратып айтса керек», – дейді Бақдәулет Тұрбекұлы.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылы жарияланған белгілі мақаласында айтылғандай, «...Рухани жаңғыру» аясына дейін көтерілсе, онда рух мәселесі біздің қоғамның болашағы үшін бағдаршамның рөлін атқара бастады деген сөз. 

«Абай сияқты Ұлы ақынның «қара» деп отырғаны «қасиет», «киелі», «қарапайым», «сөздің нәрі», «мірдің оғы», «бір оқпен бірнешеуді жайрату», «анық та батырып айту», «нақты да біліп айту», «өңменнен өткізіп айту», «мәймөңкілемей тура, әрі дәл иесіне қаратып жеткізіп айту», «аспай-саспай сабырға келіп, байыппен сөйлеу» деген сияқты бірнеше мағына берсе, бұл Ұлы даланың киесі де иесі де бір өздері болып келген дана қарттарының өсиет айтудан жалықпай, тарихтың қыртыстарымен келген сөздің майын тамызып, жеткізе білудің нәтижесі болса керек», – деді профессор. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Абай