20.05.2020, 15:42

Әл-Фараби мерейтойына орай онлайн дөңгелек үстел өтті

фото: okg.kz
Әл-Фараби орталығының директоры Мейрбаев Бекжан Берікбайұлы мерейтой барысында өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат берді.

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Әл-Фараби шығыс пен батыс арасындағы алтын көпір» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Skifnews.kz.

Дөңгелек үстелге  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Әл-Фараби орталығының директоры, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Мейрбаев Бекжан Берікбайұлы және университетіміздің оқытушы-профессорлық құрамы мен студенттері қатысты.

«Қазіргі еліміздегі төтенше жағдай кезінде көптеген мерейтойлық шараларымыз кейінге қалдырылып жатқаны баршаңызға белгілі. Алайда Абай, әл-Фараби бабаларымыздың мерейтойын онлайн атап өтуді жалғастыра береміз. Бүгінгі шараға қатысушыларға зор алғыс білдіремін. Әл-Фараби бабамыз қазақ философиясын әлемдік деңгейге шығарған ұлы ұстаз. Біз оның мерейтойын қалай атап өтсек те жарасады», – деді Әл-Фараби орталығының директоры Бекжан Берікбайұлы.

Дөңгелек үстел жұмысын алғы сөзбен ашқан Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Г.А.Сарсенбекова Әл-Фараби 1150 жылдық мерейтойы қарсаңында университетімізде Фарабитану мұрасын ғылыми тұрғыда зерттеу, оларды жастарға оқыту, насихаттау бағытында атқарылып жатқан ауқымды шаралар туралы мазмұнды ақпарат берді.

Әл-Фараби орталығының директоры Мейрбаев Бекжан Берікбайұлы мерейтой барысында өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат берді.