$ 447.4  477.55  4.76

Ұлылар тойы: Медицина университетінде онлайн өткен шаралар

Ұлы ойшыл аталарымыздың ой-пікірлерін жастар арасында насихаттауда, терең түсінуде онлайн форматта ұйымдастырылған маңызды іс-шаралар қатысушылар үшін қызықты және мағыналы болды.

Елімізде тараған пандемияға қатысты университетте білім алушылардың қашықтықтан оқыту жүйесіне көшірілуіне байланысты тәрбие жұмысына қатысты жоспарланған іс-шаралар да онлайн форматқа ауыстырылған еді. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жастар саясаты басқармасының үйлестіруімен стоматология мектебінің «Биофизика курсымен информатика», «Қазақстан тарихы мен әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедралары мен интернатура және резидентура факультеті деканатының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық және Әбу Насыр әл-Фарабидың 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әл Фараби мұрасы», «Абай арманы-халық арманы», «Әл-Фараби – шығыс жұлдызы», «Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні» тақырыбында онлайн-семинар мен конференция болып өтті, – деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Қазақстан тарихы мен әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушылары Н.Абдразакова, Ғ.Мәлік, жалпы медицина мектебінің 1 курс студенттері Серікбай Думан, Мұхамедқали Әділмырза ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбаев, шығыстың ғұлама ойшылы Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері жайында қызықты мәліметтермен таныстырды. Соңында ұлы тұлғалар туралы бейне фильм көрсетілді.

«Биофизика курсымен информатика» кафедрасының лекторлары Н.М.Алмабаева, З.К.Умирбекованың басшылығымен студенттер Әл-Фараби бабамыздың медицина ғылымына қосқан үлесі мен «Адам ағзалары жайлы Аристотельмен алшақтығы туралы Галенге қарсы жазылған трактаттар», «Жануарлар ағзалары», «Темпераменттер туралы» еңбектеріне тоқталып, ой бөлісті.

Интернатура және резидентура факультеті деканының орынбасары К.Хабдиннің ұйымдастыруымен қоғам қайраткері, ғалым, жазушы Бейбіт Қойшыбаевпен пікір алмаса өткізілген «Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні» тақырыбындағы онлайн-конференцияның білім алушылар үшін маңызы зор.

Ұлы ойшыл аталарымыздың ой-пікірлерін жастар арасында насихаттауда, терең түсінуде онлайн форматта ұйымдастырылған маңызды іс-шаралар қатысушылар үшін қызықты және мағыналы болды.

Іс-шараға жастар саясаты басқармасының бас маманы Р. Жармағанбет, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісінің м.а. З.Нагайбаева, интернатура және резидентура факультетінің деканы З. Жанкалова қатысып отырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары