$ 449.58  486.94  4.86

«Абай әлемі аудармада» атты дөңгелек үстел өтті

Іс-шара барысында Ұлы Абай шығармаларын орыс, ағылшын, түрік, парсы, қытай және басқа тілдерге аудару мәселелері талқыланды.

Алматыдағы Филология және көптілді білім беру инcтитуты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының ұйымдастыруымен ұлы ақынның 175 жылдығына арналған «Абай әлемі аудармада» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Sn.kz.

Бұл шараның онлайн-жұмысына Қазақстан жоғары оқу орындарының оқытушылары, танымал аудармашылар, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қор қызметкерлері, «Аударма ісі» мамандандығында оқитын студенттер, магистранттар қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессоры Айгүл Жұмабекова, Орталық Азия университетінен әлем тілдері және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі Алма Тусупова мен доцент Азамат Ақан, ақын, аудармашы Марат Адибаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан доцент Болатбек Батырхан мен ақын, аудармашы Қайрат Жанабаев, «Ұлттық аударма бюросының» менеджері Анар Құрманжанқызы және басқа да қатысушылар баяндама жасады.

Іс-шара барысында Ұлы Абай шығармаларын орыс, ағылшын, түрік, парсы, қытай және басқа тілдерге аудару мәселелері талқыланды. Қазіргі аудармаларға талдау жасалып, осы жылы жариялауға дайындалған ең соңғы аудармалар туралы сөз өрбіді.

Қатысушылар ұлы ақынның есімі аталатын университетте дөңгелек үстел өткізілуінің ерекше маңыздылығын атап өтті.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары