$ 448.15  483.46  4.86

Әл-Фараби мерейтойына орай онлайн семинар өтті

Әл-Фарабидің ғылымға қатысты көзқарастарына назар аударған Е.Джаркинбаев: «Ғылым үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт» екенін атап өтті.

Алматы энергетика және байланыс университеті Тіл білімдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Батыс пен Шығысты терең білімімен бас идірген ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби бабамызға 1150 жыл» атты онлайн семинар өтті, – деп хабарлайды Sn.kz.

Навои атындағы Өзбекстан педагогикалық университетіндегі әріптесіміз Гүлбану Құмарбаеваның қатысуының арқасында семинар қалалық семинардан халықаралық формат деңгейіндегі ғылыми-тәжірибелік конференция дәрежесіне дейін шеңберін кеңейтті.

Семинар модераторы ТБ кафедра меңгерушісі М.Төлеуп, «Шетел тілдері» секциясының оқытушылары С.Есенжолова мен И.Изембаеваның және «Әлеуметтік пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Е.Джаркинбаевтың  баяндамаларын тыңдағаннан кейін сөз сөйлегісі келетіндерді назарсыз қалдырмай, қатысушыларға сөз берді. Баяндамаларды басқа кафедралардан келген қатысушылар да қолдады. Әл-Фарабидің ғылымға қатысты көзқарастарына назар аударған Е.Джаркинбаев: «Ғылым үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт» екенін атап өтті.

Одан кейін, ТБ кафедрасының доцент, аға оқытушылары Ғ. Шарибжанова, Д. Арыстанғалиева, Қ.Молдабаева, Г.Абдыкадырова, АЕфимова, А.Даулетбекова, Ж.Ержанова, Л.Асылхановалар  ғалымның әр саладағы көзқарастары жайында сөз алды.

Сонымен қатар, «Математика және математикалық модельдеу» кафедрасының меңгерушісі М.Ж. Байсалова ойшыл ғұламаның математика саласына үлес қосқанын атап өтті. Тағы бір айтып кететін жайт, әлеуметтанушы Г.Әбдірахматованың, Әл-Фараби ғұмырындағы ғажайып өзгерістер мен туындылар жайлы айта келе, «жастарды уақытын бос, пайдасы жоқ тірлікке емес, уақытын тиімді падалануға, біздің ұлы бабамыз Әбу Насырдың қайталанбас ғажап туындыларымен танысып содан үлгі алар жастарымыз көп болса екен» - деген ой-пікірі ерекше назарға лайық болды. Сондай-ақ, ол, ойшыл ғұламаның ғылым жіктелуі мен жаһандық ойлаудағы бірқатар еңбегін дәріптеді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары