Мемлекеттік органдарды қамтамасыз ету үшін 2020 жылы ұшқышсыз ұшатын аппараттар жүйесін құрастыру жоспарлануда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2020 жылы еліміздің мемлекеттік органдарын қамтамасыз ету үшін тиімділігі жоғары көпфункционалды ұшқышсыз ұшатын аппараттарды құрастыратын өндірісті ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, кәсіпорын алдында авиациялық қызметтердің азаматтық нарығына, оның ішінде экспортқа шығу мақсаты тұр.
Бұл шаралар болашақта өңірлік көпфункционалды сервистік авиациялық орталық мәртебесіне үміткер болуға мүмкіндік береді», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Еске сала кетсек, 2018-2020 жылдары Қазақстан Республикасы аумағында алғаш рет отандық кәсіпорын Ан-72, Су-25, Су-27, С-295 ұшақтарында регламенттік жұмыстарды орындады.