$ 446.49  475.38  4.79

«Абай шығармашылығындағы жалпыадамзаттық құндылықтар» вебинары өтті

Вебинарға республиканың түкпір-түкпірінен 50-ге тарта тыңдаушы қатысқан

Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары  «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай шығармашылығындағы жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбында республикалық вебинарға қатысты, – деп хабарлайды Sn.kz.

Республиканың түкпір-түкпірінен 50-ге тарта тыңдаушы қатысқан вебинарды Қазақстан Республикасы Педагогикалық ғылымдар акедемиясының академигі, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген ашты. Екінші болып Абай атындағы ҚазҰПУ «Хакім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жабал Шойынбет «Хакім Абай даналығы» тақырыбында баяндама жасады. Белгілі абайтанушы ғалым Абай шығармашылығындағы «толық адам» ұғымына жан-жақты тоқталды.

Келесі кезекте сөз алған Абай атындағы ҚазҰПУ академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры Марат Бекбосынов «Абайдың отыз сегізінші қара сөзі хақында» тұшымды пікірлері мен толғамдарын ортаға салды.

Вебинардың келесі баяндамашысы М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Абайтану» оқу-ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері Әліпхан Мақсат «Абай абсолютті ақиқаттар туралы» тақырыбында баяндама жасап, ұлы данамыздың ойларын Аристотель, Конфуций, әл-Фараби пайымдарымен сабақтастыра отырып, вебинар қатысушыларына қызықты ақпараттар ұсынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары