$ 449.58  486.94  4.86

Абай-175: Туризм академиясында ақынның мерейтойы онлайн өтті

«Абайдың балалық шағы» – атты тәрбие сағатын өткізді.

Қазақ спорт және туризм академиясының Туризм ғылыми зерттеу институты туризм факультеті студенттерімен «Абайдың балалық шағы» – атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында  Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы шеңберінде ұйымдастырылып, дәріс оқылды, – деп хабарлайды Sn.kz.

Дәріс үш бөлімге бөлініп екі тілде жүргізілді.  «Туризм ғылыми зерттеу институты» директоры Еспенбетов Нұркелді Сатаевич және әдіскерлер Маулетқазы Мұхит, Дүйсенбі Санжар дәріс оқыды. 

Дәріс барысында академияның бірінші проректоры М.Есқалиев пен факультет деканы Т.Имангулова өз ойларымен бөлістіп, кафедра студенттері сұрақттар қойып, кештің маңыздылығын арттыра түсті.

Осынадай мәнді, мағыналы кездесулер болашақ ұрпақтың тұлғалық қалыптасуына жақсы әсер ететіндігіне сеніміміз мол. Сонымен қатар дәл осы күні Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері кафедрасының ұйымдастыруымен «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» тақырыбымен онлайн форматтағы іс-шара өткізілді.

Ақын өмірі мен мұра болып қалған шығармалары, өлеңдері, қара сөздерін талдау, тың мәліметтермен танысу, білімдерді тиянақтау, пікір алмасу қатысушылардың ұлы ақынның еңбектерінің ұлттық құндылығының маңыздылығын сезінуге оң ықпал етті деп негіздеуге болады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары