Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика жане байланыс университетінің Тіл білімдері кафедрасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған онлайн семинар өткізілді, – деп хабарлайды Sn.kz.
Семинардың такырыбы – Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы аудармашы. Баяндама жасаған аға оқытушылар Г.С.Ахетова, З.А.Райымқұл Ұлы Абай шығармаларындағы ілім мен білімге, адамгершілікке шақыратын өлеңдер мен қара сөздер туралы мазмұнды да әсерлі баяндама жасап, семинарға қатысқан оқытушылар тарапынан құнды пікірлер айтылды. Әсіресе Ұлы данышпан атамыздың қара сөздерінің қасиеті мен құдіретінің мәні мен мағынасына зор көңіл бөлініп, бір кезде Абайды толғандырған мәселелер қазіргі таңда да өткірде өзекті болып табылатыны атап өтілді. Абай шығармаларының өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беруде мықты құрал болып табылатыны жайлы әңгіме қозғалды.
Семинарға университетіміздің жалпы білім беретін, бітіртуші кафедраларының оқытушылары және студенттер белсенді қатысты. Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Махмұтов Серік Қапанұлы, әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі Кабдушев Болат Жоламанович семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
«Тілдер кафедрасы бүгін Абай мұрасы туралы мазмұнды онлайн семинар өткізді. Бірден айтайын, біздер үшін (техникалық емес кафедралар) бұл тәсілмен іс-шараларды өткізудің алғаш тәжірибелері десек, семинар еш ақаусыз сәтті өтті. Ұнағаны, уақытқа шектеу болған жоқ, ой қосу, пікір бөлісу қорытындылау мүмкіндік берілді. Бас-аяғына дейін кафедра меңгерушісі Мира Мұхамедяровна жүргізуінен оқытушылардың дайындықпен келгенін көрдік.
Пікірталас басталған тұста Серік Капанұлының қосылып, басшылық тарапынан ұйымдастырушыларға ризашылық білдіруі семинардың сөзжарыстың көрігін одан әрі қыздыра түсті... Біраз уақытқа барып қалған семинардан қысқа түйін: 1) жиі өткізіп отыру керек екен, бұл онлайн әдісінің ерекшелігін игеру, мәдениетін қалыптастыру үшін қажет; 2) тәлім-тәрбиелік мәні бар мұндай іс-шараны студенттерге арнап шақыру керек деп ойлаймын, көп қамтуымыз керек. 3) Әл-Фараби, Абай даналарымыздың мұрасы бәрімізге ортақ. Техникалық кафедралардың оқытушылары қатысып, сөйлеп отырса деген тілек бар», – деді Әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі Кабдушев Болат Жоламанұлы.