Атырау облысында итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған ер адам өз әрекетін түсіндірді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат парталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам кешірім сұрап, видео жариялады.
"Сәлеметсіздер ме, қазақстандықтар. Мен, Жұматаев Марғұлан Жалғасұлы, Атырау облысы Еркіндала ауылынанмын. Итпен жасаған әрекетімен өкінемін. Осы әрекетімен кейін 3-4 күн өткен соң қызымды ит тістеп алды. Ал кеше түскі уақытта ит ата-анамның жылыжайындағы көшеттің барлығын бүлдіріп кетті. Сондықтан мен мас күйде оны жазалайын дедім. Өкінемін, енді мұндай қайталанбайды", - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік Атырау облысында итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған ер адам видеосын жариялаған болатынбыз.