$ 445.66  474.58  4.78

Қаржы пирамидаларының былығын әшкерелейтін арнайы бөлім құрылды

Олар көп эпизодты жағдайларды тергеп, әшкере етумен айналысады
фото: lada.kz
фото: lada.kz

Алматының полиция департаментінде қаржы пирамидаларының қызметін анықтау мен олардың жолын кесу бағытында жұмыс істейтін тәжірибелі мамандардан тұратын арнайы бөлім құрылды, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

"Соңғы кездері қаржы пирамидалары жиі пайда бола бастады. Осыған байланысты біз ең тәжірибелі қызметкерлермен күшейтілген арнайы бөлім құрдық. Олар көп эпизодты жағдайларды тергеп, әшкере етумен айналысады. Бұл сала экономикамен құрамдас болғандықтан, біз экономикалық тергеу қызметінен бірнеше тәжірибелі мамандарды тергеу жұмыстарына қатыстырудамыз", – деді Алматы полициясының бастығы Қанат таймерденов.

Сондай-ақ, ол соңғы кездері мұндай алаяқтықта жаңа технологиялар белсенді түрде қолданыла бастағанын атап өтті. Яғни, ұйымдасқан қылмыстық топтар интеллектуалдық әлеуетті пайдаланып, ақылды әрекет етуге тырысады. Бірақ қазіргі уақытта оларға қарсы күресте полицияның ресурстары жеткілікті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары