$ 494.87  520.65  4.91

«Ешқандай да қос билік жоқ»: қиын жағдайға қарамастан Назарбаевтың 80 жылдығы атап өтілетін болды

"Біз үшін Қазақстанның мемлекетілігін нығайтуда оның тарихи және саяси мұраларын сақтау маңызды", - дейді президент.
фото: malim.kz
фото: malim.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правда" газетіне берген сұхбатында биыл Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойы аталып өтілетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев - тарихи масштабтағы тұлға, заманауи Қазақстанның негізін салушы. Жақында (6 шілдеде) оның 80 жылдық мерейтойын тойлаймыз. Әрине, біз оның халық және халықаралық қауымдастық үшін жасаған еңбектерін айтатын боламыз. Біз үшін Қазақстанның мемлекетілігін нығайтуда оның тарихи және саяси мұраларын сақтау маңызды. Сондықтан менің сайлауалды тұғырнамам сабақтастық деп аталды.

Тағы оқи отырыңыз: Тоқаевтың отбасында балалардың да, ересектердің де туған күні тойланбайды екен 

Тоқаев депутаттардың мәртебесі туралы заңға өзгеріс енгізді

 Қазіргі қиын жағдайда менің дағдарыстан жедел шығу жолын, жаңа экономика құруды және азаматтарды материалдық қолдауды туралы бағытымды қолдайтынын батыл түрде айтты. 

 Ешқандай да қос билік жоқ. Бұл туралы Нұрсұлтан Әбішұлының өзі бірнеше рет айтып, қазіргі президенттің айналасында бірігуге шақырды", - деді Тоқаев.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары