$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбе су қоймасындағы балықтар өзен жағасына неге шығып қалған?

Жүздеген табан балықтың өлексесін жинап алып, зертханаға сынамаға өткізіпті.

Ақтөбе су қоймасында балық қырылып жатыр. Мамандар өзен жағасына шығып қалған шабақтардың неден өлгенін дөп басып айта алмады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Су жағасындағы қаптаған өлі балықтарды жергілікті тұрғындар байқап қалыпты. Олар дереу тиісті мекемелерге хабар берген. Жүздеген табан балықтың өлексесін жинап алып, зертханаға сынамаға өткізіпті. Дегенмен балық инспекциясындағылар бұған дейін Ақтөбе су қоймасында «балықтың бұлай қырылғанын көрмедік» деп отыр. «Суы мөлдір, табаны терең жерде ауа жетпей, не улануы мүмкін емес» - дегенді айтады.

Тағы оқи отырыңыз:

Сардоба су қоймасындағы апатқа жайын балықтардың көбейіп кетуі кінәлі ме? - сарапшы пікірі

«Балық басынан шіриді»: Қайрат Құдайберген министрдің жұмысына ескерту жасады

Елорданың «Қараөткел» көпірі астында балықтар неліктен су бетіне жиналды?

"Сол жерде судың түсі мөлдір. Ешқандай жағымсыз иісі болған жоқ. Табан шабақтары сыртынан ешқандай белгілері болған жоқ. Облыстық ветеринарлық зертханаға және экология департаменті зертханасына балықтың өлекселері және су сынамалары тапсырылды. Келесі аптаның басында нәтижесі дайын болады", - деп мәлімдеді Балық шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы Нұрболат Дүйсенов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары