Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правда" газетіне берген сұхбатында Қазақстанның латын қарпіне көшуде асығыстық жасауға болмайтынын ескертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Бұл процесті біздің тұңғыш президентіміз Назарбаев рухани жаңғыру тұжырымдамасының бөлігі ретінде бастаған. Ол латынға графикасына өту тек қазақ тіліне қатысты, бұл орыс тілінің жағдайына әсер етпейді деп бірнеше рет айтты.
Жаһандық ақпараттық кеңістік жаңа технологияларды жедел енгізу нәтижесінде тез өзгеруде.
Біздің балаларымыз жаңа шындыққа бейімделуі керек, өйткені, негізгі ақпарат ағыны латын графикасына негізделген. Қазақ алфавитін модернизациялау қазақ тілінің коммуникациялық мүмкіндіктерін кеңейту ниетінен туындады. Сондықтан біз, Орта Азия мемлекеттерінің тәжірибелеріне сүйене отырып, жасанды түрде жеделдетпей, латын графикасына біртіндеп көшетін боламыз. Себебі, бұл жай ғана кириллицадан латынға көшіру туралы емес, қазақ тілінің емлесін қайта құру мәселесіне келіп тіреледі.
Мұнан бөлек, қазақ әдебиеті классикасының елеулі еңбектері кирилицамен жазылған, қазақтың біраз ұрпағы кириллицаны қолдану арқылы білім алды және алып та жүр, мұны ұмытпауымыз керек.
Сондықтан асығыстық жасау - орға жығуы мүмкін, оған мұқият ойланып қарау керек", - деді Тоқаев.