04.06.2020, 01:20

Өзбекстан Түркістан қаласына 8 мың орындық мешіт салып жатыр (ФОТО)

фото: aigak.kz
Ресми БАҚ-тың жазуынша, жоба құрылысын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қолдаған.

Түркістан қаласында 5 мың орындық ірі мешіт салынып жатыр. Мемлекеттік ақпарат агенттіктерінің жазуынша, былтыр құрылысы басталған мешітті көрші Өзбекстан сыйлаған, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Ресми БАҚ-тың жазуынша, жоба құрылысын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қолдаған. Мешіт ішіне 5 мың, оның маңына тағы 3 мың адам сыяды.

Сәулет кешенінде кітапхана, конгресс-холл, ғұрыптық бөлмелер, 180 орындық медресе, асхана, спорт алаңдары, автотұрақ, субұрқақ болады делінген.