$ 494.87  520.65  4.91

Дабылды ескерту: бүгін елімізде күн қайта суытып, біраз өңірде үсік жүреді

Кей жерлерде желдің күші секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Синоптиктер 5 маусым күні Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Алматы және Қарағанды облыстарында үсік жүреді деп болжады. Осы орайда, аталған өңірлерде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Қазгидрометке сілтеме жасап.

Нақты айтқанда, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Петропавл қаласында 5 маусымға қараған түні топырақ бетінде 1-3 градусқа дейін үсік жүре бастады. Синоптиктердің болжамынша, 5 маусымда Қарағанды облысында жел тұрып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түнде кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтілуде. Ал Қарағанды қаласында түнде желдің екпіні секундына 15 метрге жетуі мүмкін. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында күн күрт суытады, 6-7 маусымда түнде ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді.

Жұма күні, яғни 5 маусымда Шығыс Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жауып, дауыл тұрады деп болжанды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, кей жерлерде желдің күші секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Өскеменде 5 маусымда найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Семейде де күн күркіреп, бұршақ жауады деп күтілуде. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#үсік #ауа райы