05.06.2020, 12:00

Атырауда газ құю стансасы жарылды: зардап шеккендер бар (ФОТО, ВИДЕО)

Куәгерлердің айтуынша, адам өлген жоқ.

Бүгін, 5 мамырда Атырауда Стройконтора маңында таңертеңнен газ құю стансасы мен газ тасымалдайтын көлік өртеніп жатыр деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы azh.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, адам өлген жоқ.

Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері жұмыс жасап жатыр.

Толық ақпаратты ТЖД кейін беруге уәде етті.

Тегтер: өрт