Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жануарлардың кейбір түрі жоғалып кетуі мүмкін деп отыр. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.
Президенттің ойынша, осы қауіптің алдын алу үшін табиғатты қорғау маңызды мәселе.
"Бүгін Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Биыл бұл шара биологиялық алуан түрлілікті сақтауға арналып отыр. Қазақстанда жан-жануарлардың, құстардың, балықтар мен өсімдіктердің ондаған түрі жойылып кету қаупінің алдында тұр. Табиғатты қорғау – мемлекеттік маңызы зор іс", - деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында.
Тағы оқи отырыңыз: Бірнеше бала күшікті тірідей өртеп жіберді (ВИДЕО)
Итті айуандықпен өлтірген жігіт өз әрекетін түсіндірді (ВИДЕО)
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Атырау облысында итті тоңазытқыштың есігімен қылқындырған жігіттің оқиғасы туралы хабарлаған болатынбыз.