Бүгін Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік батысында, шығыста, оңтүстік шығыста және оңтүстігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Казгидромет.
Ақмола облысында желдің жылдамдығы 15-22 м/с, кей жерлерде 25 м/с.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Атырау облысында күндіз кей жерлерде жел тұрып, оның жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз бұршақ жаууы ықтимал, кей жерлерде жел 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының кей аумақтарында шаңды дауыл болады деп күтілуде, жел 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық сақталады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік шығысында, батысының кей аумақтарында, солтүстік батысында және орталығында күн ыстық болады.
Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік шығыс және шығысындағы өзендерде су деңгейі қалыпты болмайды. Ал Алматы облысының таулы өзендерінің кейбіреулерінде су шығыны көбеюі мүмкін. Іле өзенінен Қапшағай су қоймасына құйылатын су көлемі азаюда.