$ 494.87  520.65  4.91

Қорғалжын ауданында қауіпті инфекция тарататын сібір шыбыны пайда болды

«Қазір бұл мәселе бақылауда. Осы жағдайға байланысты барлық өзгерістерді тұрғындарға айтып отырамыз», - дейді Аңсағаным Зейниева.
фото: sibmama.ru
фото: sibmama.ru

Ақмола облысының Қорғалжын ауданында сібір гнусы анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, аудандық Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы міндетін атқарушы Аңсағаным Зейниеваның мәлімдемесін алға тартып.

Оның айтуынша, 2019 жылы Ақмола облысының зоо-паразитология тобы Қорғалжын ауданында жүргізген энтомологиялық зерттеу кезінде сібір гнусын анықтаған. «Бұл шыбынның шағуы аллергиялық реакция береді және түрлі инфекция таратуы мүмкін», - дейді ол.

Шыбынды жете зерттеу үшін биылғы мамыр айында Қорғалжын ауданының әкімдігі Ш. Құдайбердиев атындағы Семей мемлекеттік университетімен келісімшарт жасасыпты. Енді шығысқазақстандық энтомолог ғалымдар таяуда соған қатысты жұмысты бастауды жоспарлап отыр. Алайда, коронавирус инфекциясына орай енгізілген карантиндік шектеуге байланысты, ол жұмыстарының қашан жүргізілетіні әзірге белгісіз.

«Ғалымдар Қорғалжын ауданында сібір гнусының табиғи ортасын, сондай-ақ, оларға қарсы қолданылатын дезинфекциялық препараттарды анықтауды жоспарлап отыр. Әуелі ғалымдар зерттеп алмайынша, ешқандай шара қолданылмайды.

Тек зерттеу қорытындысы бойынша ғана аумақтық басқарма жергілікті атқарушы органдарға дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу үшін қаржы сұрап жүгіне алады. Қазір бұл мәселе бақылауда. Осы жағдайға байланысты барлық өзгерістерді тұрғындарға айтып отырамыз», - дейді Аңсағаным Зейниева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары