$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте карантин мерзімі ұзартылды

Шомылу мен демалыс орындарында адамдардың шоғырлануына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау міндеттелді.

Қаланың бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қаулысымен, Шымкенттегі карантин мерзімі мен шектеу шараларының мерзімі 8 маусымнан 22 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мұндай шешім қаладағы коронавирус инфекциясымен сырқаттану көрсеткіші 3,7% өсуіне байланысты қабылданды.

Тұрғындардан қоғамдық орындар мен қалалық қоғамдық көліктерде және қызметі рұқсат етілген нысандарда бетперделер мен қолғаптар киіп жүру талап етіледі;

Аса зәрулік туындамаған жағдайда қала ішінде еркін қозғалысты шектеу;

Бетпердесіз жолаушылар қоғамдық көліктерге отырғызылмайды;

Барлық базарлардың жұмыс уақыты сағат 06.00-ден сағат 19.00-ге дейін шектеледі;

Қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 23.00-ге дейін бекітілді;

Сауда-ойын орталықтары мен оның аумағында орналасқан кинотеатрлар, балалардың ойын алаңдары, мұз алаңдары мен батут және фудкорттардың ашылуына әлі де тыйым салынды;

Шомылу мен демалыс орындарында адамдардың шоғырлануына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау міндеттелді.

Сонымен қатар, қаланың бас санитар дәрігері денсаулық сақтау саласы мен білім беру мекемелерінде тағы басқа да қызмет көрсететін қоғамдық орындарда азматтардың жаппай жиналуын болдырмау мақсатында карантиндік шараларды қатаң сақтауға үндеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#карантин