$ 494.87  520.65  4.91

«Коронавирустан көз жұмғандардың саны ресми деректен көп болуы мүмкін» - сарапшы

Оның айтуынша, дағдарыс аймақ елдері арасындағы “теңсіздікті” күшейтіп, “шындықты жасыру” амалы Чернобыль апатынан бері өзгермегенін көрсетті.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Батыс басылымдары Орталық Азияның, оның ішінде Қазақстанның пандемия салдарынан туған экономикалық мәселелері енді басталғанын және оның соңы наразылықтың жаңа толқынына әкелуі мүмкін екенін жазды. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Ақпарат құралдары Орталық Азияның Қытаймен қарым-қатынасын талдап, биліктің сын-пікірлерді бақылауда ұстауға тырысқанына қарамастан, халық арасында Қытайға қарсы көңіл-күй артуы мүмкін деген болжам жасады. Батыс басылымдары Еуразиялық экономикалық одақ ішіндегі қарым-қатынасқа да тоқталып, мемлекеттердің ұйым қызметіне "ынтасы жоғала" бастағанын байқаған.

"[Орталық Азияны] алда шынайы экономикалық және әлеуметтік мәселелер күтіп тұр". дейді британдық Chattham House сараптама орталығына пікір берген Ресей және Еуразия бағдарламасының сарапшысы Кейт Маллинсон.

Тағы оқи отырыңыз: «Алматыда 10 адам қайтыс болды, зиратта неге 30 адам жерленген?» - Ирина Советжанқызы (ВИДЕО)

Зерттеуші Орталық Азия елдерінің мұнай бағасының күрт төмендеуіне тұспа-тұс келген COVID-19 пандемиясына жауабын талдап көрген. Оның айтуынша, дағдарыс аймақ елдері арасындағы “теңсіздікті” күшейтіп, “шындықты жасыру” амалы Чернобыль апатынан бері өзгермегенін көрсетті.

Маллинсон Қазақстан үкіметінің саясатын "пандемия жайлы айтуға тыйым салып, елде коронавирус жоқ" деп мәлімдеген Түркіменстанмен салыстырғанда әлдеқайда ашық деп сипаттайды. Бірақ Маллинсон Қазақстанда "коронавирустан көз жұмған адамдар саны ресми деректен көп болуы мүмкін" деп топшылайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары