$ 443.35  475.54  4.82

«Кітап құрттары» «Алтын Орда» кітабын оқуға шақырады

Мәселен, аталған клубтың мүшелері жыл басынан бері тарихи оқиғалар туралы еңбектерді парақтап, өзара талқылап келеді.

Биыл Алтын Орда мемлекетінің құрылғанына 750 жыл толды. Ел ішінде тарихымызда елеулі орны бар ұлық ұлысты дәріптеуге арналған шаралар өтіп жатыр. Осы орайда Сыр жастарының төл тарихымызға қатысты ізденісінің ерекше екенін айта кету керек. Әсіресе, әдебиетімізде ойып тұрып орын алатын шығармаларды үзбей оқып, жастарға үлгі бола білген қызылордалық «Кітап құрттары» ұйымы мүшелерінің Алтын Орда тарихы туралы қызығушылығы жоғары.

Мәселен, аталған клубтың мүшелері жыл басынан бері тарихи оқиғалар туралы еңбектерді парақтап, өзара талқылап келеді. Атап айтқанда, болған оқиғалар негізінде түсірілген фильмдер жайлы пікір алмасып, тарихи кітаптарды оқуды қолға алған.

«Төл тарихымызды жазуда өзіндік қолтаңбасы бар бірегей жазушы ретінде Ілияс Есенберлинді айтамыз. Өйткені, жазушы тарихи деректер мен аңыз әңгімелердің қисынын келістіріп, көшпелі елдің көркем шежіресін керемет суреттей білді. Тарихты ақтарып жазып шығу үшін өз алдына қажырлы еңбек керек. Ал, оны жарыққа шығару үшін кедергілерге қарсы тұрып, жанкештілік таныту нағыз ерлік, ұлтқа, ұрпаққа деген жанашырлық екені айқын. Ілияс Есенберлин «Көшпенділер» романын шығарар тұста түрлі қиындыққа қарсы тұрды. Оның әрбір туындысы халқымыз үшін бағалы дүние. Жазушының назар аудартатын кесек шығарманың бірі – «Алтын Орда» трилогиясы. Тарихты әріден суреттеген Ілияс Есенберлин «Алтын Орда» туындысының бірінші кітабында дағдарысты кезеңдерді көрсетеді.

Ал екінші кітабында Ақ Орда, Алтын Орда аумағындағы оқиғалар баяндалады.

Трилогияның үшінші кітабында Алтын Орда заманында қазақ даласында орын алған оқиғалар жайлы жазылған. Ел тарихын білу – бүгінгі ұрпаққа міндет. Сондықтан, біздің ұйымның жастары «Алтын Орда» кітабын оқып, қызу талқылау үстінде. Жастарды тарихи кітаптарды оқуға шақырамыз!» - дейді «Кітап құрттары» клубының жетекшісі Талғат Меңдібаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алтын Орда