Алматыда Qazaqstan телеарнасының 24 қызметкерінен коронавирус анықталған , деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері айтты.
"Қазақстан" телерадиокешенінде профилактикалық тексеріс жүргізу кезінде 24 қызметкерден коронавирус анықталды. Сондай-ақ, осы телеарнамен бірге бір ғимаратта жұмыс істейтін "Орт Евразия" қызметкерлері тексерілді. Қазіргі уақытта олардың арасынан науқастар анықталмады", - деді комитеттегілер.