Атырау қаласының іргесіндегі қоқыс полигоны өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қатты қалдықтар төгілетін алаңдағы өртті сөндіруге «Арнаулы Автобаза» ЖШС-нің қызметкерлері жұмылдырылған. Алайда, өрт сөндірушілерге арнайы хабар түспеген.
«Департаменттің анықтаушы-маманы қоқыс алаңына барып, анықтағанындай, өртті ауыздықтауға «Арнаулы Автобаза» ЖШС-нен 20 қызметкер тартылған. Олар кәсіпорынның 7 самосвал, 4 жүк тиегіш, 4 су шашатын көлігімен өртті сөндіріп жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.