$ 494.87  520.65  4.91

Арыстағы жарылыс: сот процесі басталды

Айыпталушылар арасында Қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғалары мен № 44-859 әскери бөлімінің басшылық құрамы бар.

Арыстағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылысқа қатысты сот процесі басталды. Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаевтың айтуынша, жоғары лауазымды 16 әскери қызметкердің үстінен іс қозғалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Айыпталушылар арасында Қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғалары мен № 44-859 әскери бөлімінің басшылық құрамы бар. Оларға оқ-дәрілерді сақтау кезіндегі Заң бұзушылықтар, қызметке және өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына немқұрайлы қарау сияқты айып тағылды.

«Мамыр айында Арыс қаласындағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс фактісі бойынша сот процесі басталды. Қозғалған істер бір іске топтастырылды. Сот шешім шығарғанға дейін біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз. Бұл - соттың құзыреті», - деді ҚР Қорғаныс вице-министрі Бақыт Құрманбаев.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылы 24 маусым күні Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болып, 3 адам қайтыс болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары