$ 498.34  519.72  4.85

Ақмола облысында іссапарда жүрген полицей кенеттен көз жұмды

Капитан Қасенбай Ахметов Зерендіге жедел іздестіру тобымен бірге келген.

Ақмола облысында іссапарда жүрген полиция қызметкері суға кетіп өлді. Петропавл қалалық полиция басқармасының жедел уәкілі үш қызметтесімен Зеренді көлінде шомылған екен, деп мәлімдеді КТК арнаына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Капитан Қасенбай Ахметов Зерендіге жедел іздестіру тобымен бірге келген. Аса ауыр қылмыс жасағандардың ізіне түссе керек. Кешқұрым көлге шомылуға барыпты. Шомылып жүріп, 32 жастағы петропавлдық жедел уәкіл суға батып кеткен. Құтқарушылар оны көлден күн батқанша іздеп, тек келесі күні таңертең өлі денесін судан алып шықты. Қазір қызметтік тексеріс басталды. Іссапарда жүріп демалуға барған полицейлер ішімдік ішпеген. Тоғыз жыл ішкі істер саласында қызмет атқарған жедел уәкіл туралы әріптестері тек ісіне адал, қызметін жетік білетін маман еді дейді.

"Орын алған оқыс оқиға солтүстік қазақстандық полицейлердің қабырғасын қайыстырды. Ішкі істер министрлігі академиясының түлегі. Ішкі істер органдарында қызмет етті. Адамдарға қол ұшын созуға әрқашан дайын тұратын. Қылмысты ашуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға әрқашанда беріле жұмыс істеді", - деді СҚО ПД бас маманы Сән Жұмағазина.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары