$ 443.44  480.51  4.88

Шымкенттегі мешіттен Құран кітап ұрланды (ВИДЕО)

Оңтүстік Қазақстан облысындағы мешіттердің бірінде келушілердің бірі Құран кітабын ұрлады деп хабарлайды "Отырар" телеарнасының сайты. Ұрының қасиетті кітапты қолды қылған сәті бейнебақылау камераларына жазылып қалған.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, оқиға Ворошиловка елдімекеніндегі Акмаль Салих мешітінде орын алған. Бейнематериалда ер азаматың Алла үйіне келіп, еш саспастан төрде тұрған Құран-кәрімді алып, асықпай кетіп қалғанын аңғаруға болады. Әлеуметтік желі пайдаланушыларының айтуынша, күдікті бұл мешітке бұрыннан келіп жүрген адам болуы мүмкін. Өйткені, ол Құранның қайда тұрғанын, имамдардың бұл мезгілде мешітте болмайтынын жақсы білген.

Қазіргі таңда ұрыны әлеуметтік желілер арқылы қарапайым тұрғындар іздестіріп жатыр. Журналистердің айтуынша, Құранды ұрлау қылмысқа жатпайтын көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары